20.10.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет бөлімінің бас маманы Н.Көңілқос «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық радиостанциясының тікелей эфирінде «Конституциялық кепілдіктер мен құқықтар», «Адвокаттық қызметке үміткер тұлғаларға аттестация өткізудегі жаңашылдықтар» тақырыптарында сұхбат берді.