16.10.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет бөлімінің басшысы А.Исакова «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық радиостанциясының тікелей эфирінде «Конституция - заңнаманың бастауы», «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін ала алатын тұлғалар», «Алаяқтар туралы ескерту!» тақырыптарында сұхбат берді.