
2025 жылғы 30 қыркүйекте Маңғыстау облысының Әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Шара барысында департамент басшысы Д.Кесикбаева құттықтау сөз сөйлеп, сала қызметкерлерінің қызметіне сәттілік тіледі.
Мерекелік шарада әділет саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға жылы лебізін арнаған департамент басшысы оларға толағай табыс тіледі.
Аталған шарада бірқатар қызметкерлер Әділет министрінің алғыс хаттары мен арнайы төсбелгілеріне, сондай-ақ департамент басшысының грамоталарына ие болды.