
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЗАҢ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Маңғыстау облысының Әділет депаратаментінің бастамасымен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде Заң клиникасы салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Әділет департаментінің мамандары, Аумақтық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Б.Бисенғалиев, Адвокаттар алқасының төраға орынбасары Н.Ауезбай, Аумақтық нотариаттық палатасының басқарма мүшесі Б.Ганибаев, заң қауымдастығы өкілдері, оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Арнайы кабинеттің негізгі мақсаты – заңгер мамандығы бойынша білім алатын студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, кәсіби дағдыларын дамыту және тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру.
Заң клиникасы негізі 4 бағытты - құқықтық білім жетілдіру, практикалық дағдыларды дамыту, кәсіби бағдар беру, ғылыми-зерттеу және серіктестікті нығайтуды мақсат етіп отыр.