16.09.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж.Жуминмен “Amanat” партиясының Маңғыстау облыстық филиалының алаңында азаматтарға жеке қабылдау өткізілді.
Қабылдауға келген азаматтар алимент өндіру, заңды тұлғаларды тіркеу, мемлекет кепілдік берген заң көмегі, адвокаттардың және жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты мәселелерді көтерді.
Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық кеңестер берілді.