🔗 Әділет министрлігі ЖСО Республикалық Палатасымен бірлесіп жаңа Adilet қосымшасын іске қосты.
♦️Оны пайдаланып, Сіз уақытыңызды үнемдейсіз. Мысалы, сот орындаушының кеңсесіне бармай-ақ қаулыларын жүктеп ала аласыз. Ол үшін QR-кодын сканерлеу жеткілікті.
♦️Екіншіден, жеке сот орындаушысымен тікелей байланыса аласыз. Ол үшін Тараптар кабинетіне кіріп, өтініш жазсаңыз, 5 күн ішінде сот орындаушысынан жауап аласыз.
Егер сот орындаушысы жауап бермесе, шағым одан әрі-өңірлік палатаға кетеді.
Егер палата жауап бермесе, өтініш автоматты түрде әділет департаментіне түседі. Яғни, өндіріп алушыға Е-өтініш арқылы шағымды палатаға немесе прокуратураға жазып, бірнеше апта бойы жауап күтудің қажеті жоқ.
Тараптар кабинетінде өндіріп алушы ЖСО қандай шаралар қабылдағанын және қабылдамағанын көреді.
♦️Үшінші артықшылығы – қосымша Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде мәліметтерді іздеуді жүзеге асырады.
♦️Төртіншіден, сізге қандай шектеу қойылғаны туралы ақпарат ала аласыз. Бесіншіден қолданба атқарушы құжатты іздеуге, оның орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді.
“Adilet” қосымшасы - бұл атқарушы өндіріске жылдам қол жеткізу жолы. Ол атқарушылық іс-әрекеттер ашықтығын және мәжбүрлеп орындау шараларының уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.
📲Қосысмшаны
Google Play
мен AppStore-дан