14.08.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында облыстық заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ұйымдастырылған шара барысында азаматтардың шешім таппай жүрген сұрақтарына қолданыстағы заң шеңберінде жауап беріліп, тегін заң көмегі көрсетілді.