«Әр азаматқа – заңдық көмек» Республикалық акциясы өткізілді

«Әр азаматқа – заңдық көмек» Республикалық акциясы өткізілді

13.08.2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, Әділет департаменті Маңғыстау облысының Аумақтық нотариаттық палатасымен бірлесіп, жекеше нотариустардың қатысуымен «Әр азаматқа – заңдық көмек» Республикалық акциясын өткізді.

 

Аталған шараның басты мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

 

Ұйымдастырылған шара барысында азаматтардың шешім таппай жүрген сұрақтарына қолданыстағы заң шеңберінде жауап беріліп, тегін заң көмегі көрсетілді.