12.08.2025 жылы Маңғыстау облысының Әділет департаментінің «Маңғыстау ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының басшысы - сот орындаушысы Т.Канбаева «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында Маңғыстау аудандық сотының және полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен Маңғыстау аудандық сотының ғимаратында “Атқарушылық іс жүршізуді қозғау ерекшеліктері және мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту“ тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шара барысында атқарушылық құжатты орындау үшін сот орындаушыға ұсыну құқығы өндіріп алушыға тиесілі және заңда атқару құжаттарын ұсыну мерзімі көзделгені, атқарушылық құжатты орындауға ұсынудың бір жолы - «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-на жүгінген кезде “Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау” бойынша мемлекеттік сот орындаушысы - мемлекеттік қызмет көрсетілетіні айтылып, онлайн алу жолы, нысанға сәйкес атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш, оған қоса тіркеуге тиесілі құжаттар жалғанатыны, жіберілуі, нәтижесі түсіндірілді.
Сонымен қатар, атқару өндірісін қозғау бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.