
08.08.2025 жылы «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінде экскурсия өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің рухани-мәдени дамуына ықпал ету және құқықтық сана-сезімін арттыру болды.
Кездесу барысында музей қызметкерлері ел тағдырындағы Ата Заңымыздың тарихы, сонымен қатар ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мен тарихи мұралар туралы мазмұнды баяндама жасады.