27.06.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы Д.Кесикбаеваның төрағалығымен облыстық адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының мүшелерінің қатысуымен “Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудегі туындайтын мәселелер” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудегі мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
Заң өкілдерінен аталған бағыт бойынша жұмысты жетілдіру және жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар түсті.