Ақтау қаласындағы «Flamingo» жазғы лагерінің балаларына дәріс өткізілді

Ақтау қаласындағы «Flamingo» жазғы лагерінің балаларына дәріс өткізілді

27.06.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаменті «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласындағы «Flamingo» жазғы лагерінің балаларына «Кәмелетке толмағандардың құқықтары, жауапкершілігі және міндеттері», «Буллингтің алдын алу шаралары» жайлы дәріс өткізді.

 

Аталған іс-шараға Әділет депаратаментінің бөлім басшылары, Ақтау қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы және заң қауымдастығы өкілдері қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты – кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу. 

 

Балалар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.