Мобильді қоғамдық қабылдау өткізілді

Мобильді қоғамдық қабылдау өткізілді

12.06.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің және “AMANAT” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастырумен Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. 

 

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Шамшадинова, аудан әкімінің орынбасары, басқармалар мен бөлім басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары және заң қауымдастығы өкілдері қатысты.

 

Тұрғындар азаматтық алу, балалар лагеріне жолдама, жер алу, ауылішілік жолдардың жайы, жұмыссыздық, жарықтандыру сияқты әлеуметтік мәселелерді көтерді.

 

Азаматтарға қолданыстаға заңнамаға сәйкес құқықтық кеңестер берілді.