28.05.2025 жылы Департамент қызметкерлеріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұловпен Президенттік жастар кадр резерві туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге 60 мыңнан астам азамат қызығушылық танытып, олардың ішінен 400 қатысушы резервке алынған. Қазіргі таңда резервке енген азаматтардың 80%-ы мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдарда қызмет етуде. Ал 2025 жылғы іріктеу талаптарына сәйкес үміткердің жасы 35-тен аспауы тиіс және жоғары білімінің болуы қажет. Онымен қоса, кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы керек. Қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгеруі қажет.
Ел мүддесіне адал қызмет етемін деген жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырамыз.
Сонымен қатар, жиын барысында департамент басшысы Д.Кесикбаевамен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық қылмыстарын болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.