Дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізілді.

Түпқараған ауданы әкімдігінің алаңында нормашығармашылық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

 

Іс-шараға Түпқараған ауданының ауылы әкімдері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, әзірлеуші органдары басшылары мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге жауапты мамандары қатысты.

 

Дөңгелек үстел отырысында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Г.Байғабылова әзірлеуші органдармен келісуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілер жобаларында жол берілген кемшіліктерді, бұзушылықтарды атап өтті.

 

Бұған қоса, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, келісу, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеуді реттейтін заңнамалар талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар қойған барлық сұрақтарға жауаптар берілді, сондай-ақ әзірлеуші органдардың басшыларына нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сапалы дайындау бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.