Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінде экскурсия өткізілді. 

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінде экскурсия өткізілді. 

«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінде экскурсия өткізілді. 

 

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің рухани-мәдени дамуына ықпал ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Әбіш Кекілбайұлы шығармалары арқылы әділет, адамгершілік, адалдық ұғымдарының маңызын арттыру болды.

 

Кездесу барысында музей қызметкерлері Әбіш Кекілбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасады.