Меню

Страницы

Статья

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы өзгерістер!

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы өзгерістер!

            Әділет органдарының қызметі тұтастай алғанда заңнаманың дамуымен тығыз байланысты. Өйткені, ведомстволық және аймақтық нормативтік құқықтық актілердің көбісі заңға тәуелді деңгейде қабылданады. Осы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу - әділет органдарының мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру бойынша міндеттерді іске асыруының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.

            Осылайша, әділет органдары уәкілетті органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді тіркеу барысында оның қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізеді. Мұндағы басты мақсат азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу.

            Ағымдағы жылда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласына, яғни нормашығармашылықты жетілдіру, сонымен қатар аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша  ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, соның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (әрі қарай-Заң)  бірқатар өзгерістер енгізілді.

            Атап айтқанда, үлгілік нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқық нормаларын қамтымайтын, тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің  бюджеттерін бекіту немесе  нақтылау  туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататындар қатарынан шығарылды.

             Бұл түзетулер белгілі бір салалардағы бірдей мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және мемлекеттік тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

            Сонымен қатар, Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.07.2021 жылғы № 460 «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілді. Тізбеде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататындар қатарынан алынып тасталған мемлекеттік басқару органдарының 12 нормативтік құқықтық актісінің атауы қамтылған, осылайша актілерді қабылдау рәсімін оңтайландыруға және оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

            Сондай-ақ, әкімшілік - аумақтық бірліктерге қойылатын талаптарды жетілдіруге, өңірлердің дербестік деңгейін және жауапкершілігін  арттыруға, сонымен қатар бюджеттік рәсімдерді оңайлатуға және жергілікті маңызы бар мәселелерді неғұрлым жедел шешуге бағытталған.

            Оған қоса, мәслихат сессиясының төрағасы лауазымының таратылуына байланысты, оның  өкілеттіктері  мәслихат  хатшысына  беріле  отырып, аталған Заңға өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес мәслихат шешімдеріне мәслихат хатшысы қол қояды. Бұған дейін мәслихат шешімдеріне мәслихат сессиясының төрағасы мен мәслихат хатшысының қолдары қойылған.

            Қорыта келе, аталған өзгерістер мемлекеттік басқару органдарының дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған ықшам және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің саясатына сәйкес келетіндігін атап өтеміз.                                                                                              Әкімшілік-құқықтық бөлімі

Дата публикации
02 августа 2021
Дата обновления
27 июля 2021
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Аналитическая статья
06 февраля 2024
Официальное опубликование-обязательное условие!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Аналитическая статья
26 октября 2023
Кадастровый паспорт объекта недвижимости

Социальные медиа

Меню подвал

Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития