Меню

Страницы

Статья

Заңдылықты қамтамасыз ету басты міндет!

Заңдылықты қамтамасыз етудегі шаралардың бірі - бұл нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу болып табылады.

Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде қолданыстағы заңнамаға қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жергілікті деңгейде құқықтық мониторинг объектілері болып мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімнің нормативтік құқықтық шешімдері, тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық қаулылары (бұдан әрі - НҚА) танылады.

Өз кезегінде, қолданыстағы заңнамалармен мемлекеттік органдарға өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеуші болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүргізу және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу не күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды қабылдау нақты міндеттелген.

Дейтұрғанмен уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру әдiлет органдарының құзырында екендігін атап өтеміз.

Осы мақсатта әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігіне үнемі қосымша құқықтық мониторинг жүргізіліп отырады.

Осылайша, ағымдағы жыл ішінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келтіруді талап ететін 40 НҚА анықталып, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қолданудың заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы 23 хат және 17 заң бұзушылықты жою жөнінде ұсыныс жолданды. Нәтижесінде жергілікті мемлекеттік органдармен аталған нормативтік құқықтық актілер қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келтіріліп, өзгерістер (толықтырулар) енгізу не күшін жою бойынша шешімдер қабылдануда.

Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны және нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіру бойынша шараларды уақтылы қабылдамағаны үшін жергілікті меморгандармен 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қорытындылай келе, нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауы, міндеттерін орындауы үшін маңызы зор екендігін айта келе, заңдылықты қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың басты міндеті деп білемін.

Дата публикации
17 октября 2024
Дата обновления
17 октября 2024
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

31 марта 2025
Статус судебных исполнителей
31 марта 2025
Об объявлении розыска должника
31 марта 2025
Коррупция – проблема общества

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации