
2025 жылдың 25 сәуірінде «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы және адвокат, сала мамандары Әділет органының құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Ұ.Оразгелді азаматтарға Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталып, мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі аясында кеңінен түсіндірді. Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жеке қабылдау өткізді.