Ақжарма ауылдық округі, Баймұрат батыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ақжарма ауылдық округі, Баймұрат батыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы және департаменттің сала мамандары Ақжарма ауылдық округі, Баймұрат батыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық түсіндірмелер беріліп, ақпараттық танымдық мәліметтер жеткізілді. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидалары негізінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Кездесу соңында Ұ.Оразгелді тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді.