Қызылорда облысының Әділет департаменті Назарбаев зияткерлік мектебінде жас өнертапқыштармен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау, жас өнертапқыштарға қолдау көрсету және оларға заңнамалық тұрғыда кеңестер беру болып табылады.
Кездесу барысында департамент басшысының орынбасары Ж.Асадинұлы жасөспірімдердің ойлап тапқан жаңа технологиялары мен құрылғыларымен танысты. Ал, жас өнертапқыштар бұл құрылғылардың адам мен қоғам үшін пайдасы жайында хабардар етті. Одан әрі пікір алмасулар болып, жастар Қазақстанды технология жағынан дамытуға одан әрі үлестерін қосатындықтарын жеткізді.