
Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Әділет департаментінің қызметкерлеріне Қызылорда облысы полиция департаментінің Экстримизмге қарсы іс қыймыл басқармасы қызметкерлері И.Турмаханов және А.Құлахметов «Дағдарыс жағдайлар туындаған кезде іс-қыймылдарының тәртібі» тақырыбы бойынша түсініктеме берді. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментінің бесінші басқармасының қызметкерлері А.Марат және Ә.Алдабергенов «Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру» мәселелері бойынша тоқталып айтып кетті. Семинар кезінде қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.