Әділет органдарына жолдауы қажет.

Әділет органдарына жолдауы қажет.

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының АХАТ бөлімінің қызметкерлерімен әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өткізілді.

Аталған семинарда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, соның ішінде некеге тұруға кедергі келтіретін мән – жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазу органына жалған мәліметтер беру, азаматтық хал актілерін жазу қағидаларының бұзылуы туралы Әділет органдарына қарау құзыреті берілгендігі жөнінде түсіндірілді. Ол үшін тіркеуші органдар Әкімшілік құқық бұзушылыққа себеп болған мән – жай жөнінде тиісті хабарламаны сол күні Әділет органдарына жолдауы қажет.

Семинар барысында бірқатар пікірлер алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.