
Ағымдағы жылдың 28 наурызында Қызылорда облысы Әділет департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оған қарсы іс-қимыл, Әдеп кодексі нормаларын сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Департамент басшысы И.Бакишева күн тәртібіндегі мәселелер бойынша департаментпен атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ қаржылық сауаттылықты арттыру және қандай да бір қаржылық алаяқтыққа жоламау туралы түсіндірілді. Сонымен қатар «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңында көрсетілген анықтамаға жататын ойын мекемелеріне және интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлықты шектеуді бұзушылыққа жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуына жол бермеу, заңдарда белгіленген шектеулер мен тиымдарды сақтау, мемлекеттік қызметшілерге қатысты әкімшілік бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жайлы түсіндірілді. Шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы А.Болат, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Партиялық бақылау инспекторы А.Жарылқасынов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Л.Қаржаубаева қатысып, тақырып аясында баяндамалары тыңдалып, өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел қорытындысымен ұсыныстар енгізілді.
https://www.instagram.com/reel/DH5llcBI3g1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==