Цифрлық әділет: Заң көмегінің қолжетімділігін арттыру тақырыбында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Ж.Абсат облыстық «Қоғам ТВ» телеарнасына сұхбат берді. Ж.Абсат елімізде қарыздарды өндіріп алу бойынша автоматтандырылған жүйе – сот орындаушы роботы іске қосылғанын сөз етті. Бұл жүйе жеке сот орындаушылардың қызмет ақысын төлеуге кететін қосымша шығындардан құтылуға мүмкіндік беретінін жеткізді.