Студенттермен семинар өтті

Студенттермен семинар өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  ақпараттық-түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

 Семинар барысында Департаменттің әкімшілік бөлімінің басшысы Э.Абдыкаликова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы, жемқорлықты болдырмау, алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік сот орындаушысы Г.Есентай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы атап өтті. Іс-шара барысында пікір алмасулар болып, семинар жұмысы қорытындыланды.

 

 Қызылорда облысының Әділет департаменті