Мемлекеттік корпорацияның филиалдарымен семинар өтті

Мемлекеттік корпорацияның филиалдарымен семинар өтті

11.04.2024 жылы Қызылорда облысының Әділет департаментінің  коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімі қызметкерлеріне Мемлекеттік корпорацияның филиалдарымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кезде бас тартулар қолданыстағы заңнаманың нақты бұзушылықтарын көрсете отырып, дәлелді болуын қамтамасыз ету  және құқықтық кадастрден ақпарат беру мерзімдерін бұзу фактілерін болдырмау бойынша семинар өткізілді.

Сонымен  қатар, ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі және коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеу барысында ҚР ӘҚБтК-нің  466 бабының талаптары түсіндірілді.