Ағымдағы жылдың қараша айының 30 жұлдызында Қызылорда қаласы әкімдігіның құрылымдық бөлімдерінің заңгер қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу кезінде туындайтын мәселелер талқыланды.
Қызылорда облысының әділет департаменті