Қызылорда облысының Әділет департаменті облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында кәсіпкерлердің қатысуымен «Географиялық нұсқама дегеніміз не және оны қорғау не үшін қажет?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараны өткізудегі мақсат – кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндірме жүргізу, географиялық нұсқама дегеніміз не және оның тіркеудің қажеттілігі туралы түсінік беру болып табылады.
Шара барысында географиялық нұсқаманы мемлекеттік тіркеуден өткізу мәселесі туралы көптеген сұрақтар қойылды және ұсыныстар айтылды.
Әділет департаменті айтылған ұсыныс-пікірлер негізінде, бірлесе жұмыстар жасалатындығын жеткізді.
Қызылорда облысының әділет департаменті