Ағымдағы жылдың 29 қарашада Қармақшы ауданаралық әділет басқармасымен «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету) тәртібі туралы» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Байқоңыр қалалық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта семинар өткізілді. Семинар барысында Қармақшы ауданаралық әділет басқармасы басшысының м.а. Н.Асанова заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауын өзекткендіру (түзету) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауында қате жіберілген жағдайда жүзеге асырылатынын айтып, осы бағытта толықтай түсіндірме берді.
Қармақшы ауданаралық әділет басқармасы