Патент – мемлекеттің жеке адамға беретін және өнертапқыштықты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
Патенттеу ойлап тапқан дүниеңізді бөтен біреудің қолдануына тыйым салу құқығын береді. Патент оны қорғайды және патент иесіне белгілі бір уақыт аралығында оны пайдаланудың айрықша құқығын береді.
Қазақстанда түрлі өнеркәсіптік үлгі мен нысандар қорғалады және патенттің бірнеше түрі беріледі. Егер зерттемеде техникалық шешім болса, ол өнертабыс немесе пайдалы үлгі ретінде қорғалуы мүмкін. Егер зерттеме сыртқы көрініс бұйымына жатса, онда өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалады.