Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Қызылорда облысының Әділет департаментінің бөлім басшысы А.Қосбергенова «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында облыстық партия филиалында жергілікті жердегі азаматтарға заңгерлік көмек көрсету бойынша тақырыптық қабылдауға қатысты.
Қабылдауға келген қала тұрғындары түрлі мәселелер бойынша жағдайларын айтып, заңгерлік көмек көрсетуді сұрады. Тұрғындардың құжаттарымен танысып, шешу жолдары ұсынылды, тақырып бойынша заң нормалары түсіндірілді.
Қызылорда облысының Әділет департаменті.