30 қыркүйек - Әділет органдары қызметкерлерінің күні мерекесіне орай, Қызылорда облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Шара барысында Ерлеген Жәрдемұлы мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтып өтіп, департамент қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, әділет департаментінің басшысы И.Бакишеваға және бас маман Н.Ительгиеваға Грамота және алғыс хат табыс етті.
Сондай-ақ. Қызметкерлерге Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтауы назарға жеткізілді.
Қызылорда облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі