Шығармашылық кездесу

Шығармашылық кездесу

 

Бүгін Қызылорда облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Ш.Бегежанова М.Қалауов атындағы Қызылорда өнер мектебінде шығармашылық кездесу өткізді. Кездесуге күйшілер, композиторлар және «Домбыра» сыныбының оқушылары қатысты.

Шара барысында зияткерлік меншік жайында түсіндірмелер айтылып, күйге, әнге, өлеңге авторлық құқық алу мәселесі талқыланды.

Қызылорда облыстық филормониясының «Ақмешіт»  фольклорлық ансамблінің мүшесі, күйші, бірнеше күйлердің авторы Д.Жаңабаев өзі шығарған күйлер туралы мағлұматтар беріп, шығармашылығымен таныстырды.

Одан әрі, «Домбыра» сыныбының оқушылары жетекшілерімен бірлесе «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындап, қатысушылар бұдан былай Әділет департаментімен ынтымақтастықта жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Қызылорда облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі