Нотариустармен жасалатын атқарушылық жазбалар жасау кезіндегі даулы мәселелер бойынша семинар өтті.

Нотариустармен жасалатын атқарушылық жазбалар жасау кезіндегі даулы мәселелер бойынша семинар өтті.

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының нотариустарының қатысуымен нотариустармен жасалатын атқарушылық жазбалар жасау кезіндегі даулы мәселелер бойынша семинар өтті. Жиында атқарушылық жазбаларды жасау, жою және орындау бойынша проблемалық мәселелерді зерделеу, сондай-ақ нотариустардың іс-әрекеттеріне шағымдардың санын азайту, жеке және заңды тұлғалар тарапынан шағымдардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қаржылық мониторинг субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, бірыңғай ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі бойынша ҚР «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары түсіндірілді.

Қызылорда облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі