Атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы – даусыз талаптар бойынша борышкерден берешекті өндіріп алу үшін жасалатын әрекет болып табылады.
2023 жылдың 27 қыркүйегінде Қызылорда қаласының сотында соттардың, Қызылорда облысының Әділет департаментінің қызметкерлерінің, Қызылорда қаласының нотариустарының қатысуымен нотариустармен жасалатын атқарушылық жазбалар жасау кезіндегі даулы мәселелер бойынша семинар өтті.
Жиында атқарушылық жазбаларды жасау, жою және орындау бойынша проблемалық мәселелерді зерделеу, сондай-ақ нотариустардың іс-әрекеттеріне шағымдардың санын азайту, жеке және заңды тұлғалар тарапынан шағымдардың алдын алу мәселелері талқыланып, өз кезегінде ұсыныс білдірілді.
Қызылорда облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі