Авторлық құқықтың қандай түрлері бар?

Авторлық құқықтың қандай түрлері бар?

 

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

Авторлық құқықтың екі түрі бар: мүліктік және мүліктік емес.

Мүліктік құқық туынды авторына өзге біреулер қолданған кезде қаржылық табыс алуға мүмкіндік береді.

Мүліктік емес құқық деп туындыға автор болуға және сол туындыға автордың беделіне нұқсан келтіретін өзгерістерді енгізуге қарсы тұруға мүмкіндік беретін құқықты атайды. Авторлық құқық туралы заңдардың көпшілігінде: автор не авторлық құқықты иеленуші туындыға өзгеріс енгізуге рұқсат етуге немесе керісінше рұқсат етпеуге құқылы деп көрсетіледі.