Ашық есік күні өткізілді

Ашық есік күні өткізілді

Қызылорда облысының Әділет департаментінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану мамандығының 1 курс студенттерімен және «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Г.Ансатбаеваның қатысуымен Әділет департаментінің қызметімен оқу-танысу мақсатында ақпараттық танымдық ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында департаменттің бөлім басшылары Э.Абдыкаликова, Е.Тажикенов, А.Косбергенова, Ж.Саткеева Әділет департаментінің атқаратын қызметтері жайлы түсіндірмелер берді.