Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру сипатында семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру сипатында семинар өтті

Қызылорда облысының Әділет департаментімен Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру сипатында семинар өтті.

 Семинар барысында Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Э.Абдыкаликова жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сананы қалыптастырудың ерекшеліктері және қоғам алдында өз құқықтарын білу мәселелері жайлы баяндады. Сонымен қатар, Әділет департаментінің сот орындаушысы А.Оразбаева сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық түсіндірмелер берді.

Семинарды қорытындылай келе, жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді өмірлік көзқарасты қалыптастыруға шақырылды.

 

Қызылорда облысының Әділет департаменті