«Электронды Үкімет» веб-порталы арқылы басшыны өзгерту

«Электронды Үкімет» веб-порталы  арқылы басшыны өзгерту

Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабының талаптарына сәйкес, заңды тұлғаның басшысы және құрылтайшылары өзгергені туралы хабарлама электронды түрде, яғни «Электронды Үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады. Басшы өзгергендігі туралы электронды хабарлама негізінде өзгеріс автоматты түрде Қазақстан Республикасының Бірыңғай сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізіліміне енгізіледі.

«Электронды Үкімет» веб-порталы  арқылы басшыны өзгерту келесі  жолмен жүргізіледі:

  1. Порталда авторизациялану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Барлық қажетті жолдарды толтырыңыз және қажет болса құжаттарды тіркеңіз.
  3. Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қойыңыз.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу.

Мемлекеттік мекеменің басшысын тағайындау. Өтінішті уәкілетті органның оны тағайындау туралы бұйрығының (шешімінің) pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, тағайындалатын басшы ЭҮП-ға береді. Өтінішке өтініш беруші қол қояды. Қызмет ЗТ орналасқан жері бойынша тіркеуші органның тіркеушісінің қатысуымен көрсетіледі.

Мемлекеттік мекемені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысын тағайындау жатады. Өтінішті ЗТ-ның тағайындалған басшысы немесе жалғыз қатысушысы ЭҮП-ға береді. Уәкілетті органның Жалпы Жиналысының Төрағасымен және хатшысымен немесе ЗТ-ның жалғыз қатысушысымен (егер өтінішті ол тағайындаған басшы берген жағдайда) келісіледі. Өтініш беруші өтінішті толтыру барысында жиналыс төрағасы мен хатшысының ЖСН көрсетеді. Өтінішке өтініш беруші қол қояды. Қызмет автоматты режимде көрсетіледі.

Барлық тараптармен қол қойылғаннан кейін  басшы өзгертіледі және орындалу нәтижесі бойынша хабарлама жүктеледі.

Аталған қызмет автоматты режимде тіркеуші органның қатысуынсыз жүргізіледі және  қосымша  құжаттар мен басқа қатысушылардың келісімі қажет етпейді.