Көшпелі кеңес

Көшпелі кеңес

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Титов мөлтек ауданындағы жастар мен аудан тұрғындарына көшпелі кеңес берілді.
Шарада қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық ауыл шаруашылық бөлімі, Қызылорда облыстық «Жастар денсаулық орталығы», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мамандары және Қызылорда облысының әділет департаментінің бөлім басшысы А.Қосбергенова тұрғындарға құқықтық кеңестер берді.