Өндіріс орнындағы кездесу

Өндіріс орнындағы кездесу

Қызылорда облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Қармақшы ауданаралық әділет басқармасымен бірлесе Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде орналасқан «АНК Даулет» ЖШС-і жұмысшыларымен кездесу өткізді. Аталған серіктестік құм және қиыршық тас шығару, темір-бетон бұйымдарын өндірумен айналысады.

Кездесуді ұйымдастырушылар өндіріс орнының жұмыс барысымен танысып, серіктестік қызметкерлеріне авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша түсіндірмелер айтылды. Сонымен қатар, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы аясында түсіндірмелер айтылып, бөтеннің тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдаланудың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.