1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні. Халқымыз аталмыш мерекені 2016 жылдан бастап атап өтіп келеді. Бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке.

Елдігіміздің алтын тірегіне айналған достық пен бірегейлік, ұлтжандылық пен мейірбандық қазақтың қайталанбас қазынасы. Бір шаңырақ астында, бір тудың төңірегінде топтасқан көпэтносты елдің ортақ тарихын ұлықтау ұлы міндетіміз.

Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ – береке, зор денсаулық, тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Ізгі тілекпен:

Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұжымы