«Жастарға кеңес» жобасы аясында акция ұйымдастырды

«Жастарға кеңес» жобасы аясында акция  ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысының Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп «Жастарға кеңес» жобасы аясында акция  ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты – мобильді топ өкілдері жастармен кездесіп өзекті мәселелерін анықтай отырып, оларға консультативтік көмек беру болып табылады.

 Шарада Департаменттің сала мамандары  өңір жастарына құқықтық түсіндірмелер беріп, қойылған сұрақтарға заңнама аясында жауаптарын берді.