Алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
2023 жылдың 19 қаңтарында Қызылорда облысы Әділет департаментінің мәжіліс залында Департамент басшысы И.Бакишеваның төрағалығымен алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
​Дөңгелек үстелге Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры М.Тұрғанбекұлы, Қызылорда облыстық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы А.Әбдібаев, Қызылорда облысы Полиция департаментінің аға инспекторы Ғ.Балғожаев, Қызылорда облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкері Н.Өмірзақов, Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ұ.Оразгелді, Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы басшысының орынбасары Р.Серіков және жеке сот орындаушылар қатысты.
​Жиналыс барысында, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарушылық құжаттарды орындау барысында туындаған мәселелер қаралып, оның ішінде алимент санатындағы атқару құжаттары бойынша борышкерлерді жұмыспен қамту, алимент бойынша берешекті азайту, атқарушылық іс жүргізу құжаты бойынша мәжбүрлеу шараларын толық қолдану, қылмыстық жауапкершілігін тарту бойынша полиция органдарына құжаттарды жолдау кезінде толықтығын қамтамасыз ету туралы Өңірлік палата басшысының орынбасары Р.Серіковке және жеке сот орындаушыларына тиісті тапсырмалар беріліп, ұсыныстағы мәселелер талқыланды.