Сот сараптамасы

Сот сараптамасы

Сот сараптамасы - бұл оны шешу үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық іс материалдарын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді зерттеу.

Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасының нәтижелерімен іс жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтында сараптаманың мынадай түрлері жүргізіледі: криминалистикалық (құжаттарды сараптау, портреттік сараптама, бейнефонографиялық, фототехникалық, трасологиялық, баллистикалық сараптама), химиялық (заттар мен материалдарды сараптау, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын сараптау), медициналық (мәйіттерді, жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқа да адамдарды сараптау, гистологиялық, биологиялық сараптама (медициналық), медициналық-криминалистикалық, химиялық-токсикологиялық, наркологиялық, психиатриялық және психиологиялық сараптама), сондай-ақ жол-көлік оқиғалары мен техникалық құралдардың сараптамасы, экономикалық, тауартану, құрылыс, өрт және жарылыс-техникалық сараптамалар, биологиялық, адамның психофизиологиялық процестерінің сараптамасы (психологиялық-криминалистік, психологиялық-филологиялық).

Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша ССИ-да заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша келісім-шарт негізінде жоғарыда көрсетілген сараптамалардың барлық түрлері бойынша сарапшылар (бұл жағдайда мамандар) ғылыми құралдарды пайдалана отырып зерттеулер жүргізеді.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы бойынша ССИ-мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, сараптама өндірісінің сапалы әрі жан-жақты болуын қамтамасыз ететін әдістемелер жариялануда. Жыл сайын Институт сарапшылары түрлі оқу орындарының, сондай-ақ Әділет министрлігі Сот сараптамалары Орталығының ССҒЗИ базасында кәсіби біліктіліктерін арттырады.

Кызылорда облысы бойынша ССИ директорының орынбасары Абдраим Н.