Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті тасбөгеттіктер!
Үстіміздегі жылдың 4 тамызы күні сағат 11.00-де кенттегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді» акциясы өткізіледі. Акцияда Әділет департаментінің сала мамандары, нотариус, адвокат, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысып, тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, сұрақтарға жауап беретін болады.
Аталған кездесуге барша тұрғындармен қоса, жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер де қатысып, өздерінің толғандырып жүрген мәселелеріне жауап ала алады.