«Қорқыт» сауда үйінде кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді

«Қорқыт» сауда үйінде кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді

Қызылорда облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімі Қызылорда қаласында орналасқан «Қорқыт» сауда үйінде кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау, бөтеннің тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын және фирмалық атауды заңсыз пайдаланудың салдары және жауапкершілігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасулар мен талқылаулар болып өтті.