"Ана үйі" дағдарыс орталығындағы жалғыз басты аналармен кездесу

"Ана үйі" дағдарыс орталығындағы жалғыз басты аналармен кездесу

Бүгін Қызылорда облысы әділет департаментінің ұйымдастыруымен арнайы "Құқықтық​ мәдениет" жобасының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Ана үйі" дағдарыс орталығындағы жалғыз басты аналарға консультациялық көмек көрсету негізінде департаменттің​ сала мамандары, сот орындаушылары және юрист консультанттың қатысуымен кездесу өтті. Жиында жалғыз басты аналардың сан түрлі сауалдары мен шағымдары тыңдалып, мамандар тарапынан құқықтық кеңес берілді. Сауалдардың басым көпшілігі алимент төлемдерін өндіру, әкелікті анықтау, төленбеген несие берешектері аясында болды.