Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге ​ Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары, Қызылорда облысы адвокаты , мемлекеттік сот орындаушы, департаменттің сала мамандары және «Қазақстан Мәслихаттары депуттарының бірлестігі» РБҚ-нің Қызылорда қаласының өкілі қатысты.
Сала мамандарына тұрғындар алимент өндіру, жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сот орындаушыларға қатысты, атқарушылық жазбаның күшін жою жолдарын, адвокаттық көмекті алу жолдары және жылжымайтын мүлікті мұраға қалдыру мәселелері бойынша сұрақтар қойып, заң аясында мамандар
толық түсіндіріп өтті.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Сонымен қатар, Әділет органдарының салсына қатысты қосымша заң кеңестері қажет болған жағдайда, 119 құқықтық ақпарат орталығына хабарласып, сұрақтарыңызға жауап алуға болатындығы хабарланды.